«Ауыл» партиясының кандидаттары Атыраудағы балық шаруашылығы кәсіпорнында болды

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кездесу барысында еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және өңір экономикасын дамыту мәселелері де көтерілді

Фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі

«Ауыл» партиясының кандидаттары Жигули Дайрабаев пен Нұртас Байжанов Атырау облысындағы Жаңаталап ауылдық округінде орналасқан «Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және агроөнеркәсіп кешенін өркендету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өндірістік кооперацияны дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және жаңа жұмыс орындарын құру жайы сөз болды.

Кандидаттар балық шаруашылығы мен өңдеуші кәсіпорындарды дамыту елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Кездесу барысында еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, өндіріс саласындағы еңбек қауіпсіздігі, халықты жұмыспен қамту және өңір экономикасын дамыту мәселелері де көтерілді.

Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, балық шаруашылығын, өңдеуші өнеркәсіпті және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.