«Ауыл» партиясының өкілдері Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында болды

Жиында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рөлі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды

«Ауыл» партиясының өкілдері Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында болды
Фото: Ауыл партиясының баспасөз қызметі

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов пен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Рабиға Тоқсейтова, Владимир Киян, Александр Разинков және Диляра Жұмағұлова Солтүстік Қазақстан облысындағы «Алекри» ЖШС-нің еңбек ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рөлі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек адамын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын нығайтуға қатысты пікірлер айтылды.

Партия төрағасы Қайрат Айтуғановтың айтуынша, елдің тұрақты дамуы отандық өндірістің әлеуетіне және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың жұмысына тікелей байланысты. Кездесу барысында қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, бюджеттік қаражаттың ашық жұмсалуы және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін де талқылады.

Жиын соңында партия өкілдері кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне алғыс білдіріп, ұжымға табыс пен тұрақты даму тіледі.