«Ауыл» партиясының кандидаты Ақтөбедегі өндіріс орнының ұжымымен пікір алмасты

Кездесу кезінде қызметкерлер өндіріс саласының өзекті мәселелері мен еңбек жағдайына қатысты пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды

«Ауыл» партиясының кандидаты Ақтөбедегі өндіріс орнының ұжымымен пікір алмасты
Фото: видеодан скриншот

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Кәмшат Төлеуова Ақтөбе облысындағы FIBC Kazakhstan ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиын барысында өндіріс саласын дамыту, отандық кәсіпорындарды қолдау, өңірлер экономикасын нығайту және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру, өндірістік кооперацияны дамыту және логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру жайы сөз болды.

Кездесу кезінде қызметкерлер өндіріс саласының өзекті мәселелері мен еңбек жағдайына қатысты пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Өз кезегінде Камшат Төлеуова өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар жиында өндіріс қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, еңбек жағдайын жақсарту және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағытындағы ұсыныстар да талқыланды.