Күнбағыс гүлдей бастағалы бері тыйымды елемеген 25-ке жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Ақмола облысының полициясы Астана-Щучинск ақылы тасжолында күнбағыс алқабына суретке түсу үшін көлігін тоқтататын жүргізушілерге жауапкершілік бар екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы уақытта жол бойындағы гүлдеген күнбағыс алқаптары көпшіліктің фотосессия жасайтын орнына айналған. Алайда кейбір жүргізушілер көліктерін жол жиегіне тоқтатып, жол қозғалысы ережесін бұзып жүр. Полицияның мәліметінше, бұл учаскеде көлік тоқтатуға тыйым салынған. Жолда тиісті белгілер мен арнайы жолақтар орнатылған.
Күнбағыс гүлдей бастағалы бері тыйымды елемеген 25-ке жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ведомство мұндай әрекет жылдам жүретін тасжолда жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды.