«Ақ жол» партиясы Ақмола облысында ШОБ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді
Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық штабы шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды науқаны аясында партияның Ақмола облыстық штабы «Отандық өндірісті дамыту» тақырыбында Ақмола облысының шағын және орта бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға «Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат, партияның Ақмола облыстық филиалының төрағасы Саят Сыздықов, облыстық филиал төрағасының орынбасары Вероника Субач, сондай-ақ партияның Ақмола облыстық штабының мүшелері қатысты.
Саят Сыздықов партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, отандық өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше тоқталды.
Вероника Субач «Бизнесті салықтық тексерулерден қалай қорғауға болады» тақырыбында баяндама жасап, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері мен салықтық әкімшілендірудің ерекшеліктері туралы айтты.