Штаб мүшелері «Есіктен есікке» акциясын өткізді
«Ақ жол» демократиялық партиясының Павлодар облыстық сайлауалды штабы Аққулы ауданында үгіт-насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Штаб мүшелері арнайы белгіленген орындарға үгіт-насихат материалдарын орналастырып, сондай-ақ «Есіктен есікке» акциясын өткізді.
«Ақ жол» демократиялық партиясы азаматтармен ашық диалог орнатуды және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуді басты қағидаттарының бірі ретінде ұстанады.