Қазақстан Халық партиясы Семейде емхана қызметкерлерімен сайлауалды кездесу өткізді

Автор: Асыл Арман

Кездесу барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Семей қаласындағы «Хаким» емханасының ұжымымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Орынбасар Исабаев пен ҚХП Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев қатысты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, еңбек жағдайларын жақсарту және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды.