«Ауыл» партиясы ТМД ПА халықаралық байқаушылар делегациясын қабылдады
Кездесуде сайлау науқанының барысы талқыланды
«Ауыл» партиясының Республикалық сайлауалды штабында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПА) халықаралық байқаушылар делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары, Республикалық сайлауалды штабы басшысының орынбасары Шахмардан Байманов пен штаб мүшесі Қуаныш Үсенов қатысты.
ТМД ПА делегациясының құрамында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны дамыту, парламентаризм және сайлау құқықтарының сақталуын мониторингілеу жөніндегі халықаралық институт директорының орынбасары Елена Еременко мен сайлауды талдау және мониторингілеу бөлімінің басшысы Роман Амбурцев болды.