04.08.2026, 07:53
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясының үміткерлері ұлттық мәдени орталықтар өкілдерімен кездесті
Кездесуде қоғамдық келісім мен өңірдің дамуы сөз болды
Фото: видеодан скриншот
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер Серік Егізбаев, Қажғали Мұқатов және Алшын Жолдығали Батыс Қазақстан облысындағы ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық аумақтарды қолдау, ұлтаралық татулықты нығайту және қоғамдық келісімді сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жиын соңында ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өңірді дамытуға қатысты бастамаларын жеткізді.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды