«Байтақ» кандидаты Жалпақтал халқымен кездесіп, сайлауалды бағдараламаны таныстырды

Ауылдықтар өз ұсыныстарын айтты

«Байтақ» кандидаты Жалпақтал халқымен кездесіп, сайлауалды бағдараламаны таныстырды
Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Тұрсынбек Байтеміров Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауылына барып, сайлаушылармен жолықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кандидат елдімекен тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамыту, экологиялық қауіпсіздік, ауыл инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне тоқталды.

Елдегі оң өзгерістерді айтқан жұрт шешімін күткен өзекті түйткілдерді де сөз етті. Ауылды сапалы ауызсумен қамту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау бағытында ұсыныстарын ортаға салды.

Тұрсынбек Байтеміров әр ұсыныс пен пікір сайлауалды бағдарламаны насихаттау науқанында назарға алынады деді. Оның сөзінше, мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға және өңірлердегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.