ҚХП Жетісу облысында еңбек ұжымымен кездесіп, әлеуметтік мәселелерді талқылады

Автор: Асыл Арман

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының Жетісу облысындағы сайлауалды штабының төрағасы Фариза Тымбаспаева мен партияның белсенді мүшесі Талғат Есенғабылов «MAXCREAM» мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі бастамалары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу соңында ұжым мүшелері 23 тамызда өтетін сайлауға қатысуға шақырылды.