Respublica партиясы «ПолимерМеталл-Т» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

Олар маңызды тақырыптарды талқылады

Respublica партиясы «ПолимерМеталл-Т» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті
Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Қонаев қаласындағы кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар кеңінен түсіндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Сонымен қатар қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырылды. Азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына бейжай қарамау – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі екені атап өтілді.

Осындай кездесулер тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, халықтың ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.