Қызылорданың өндірістік бизнесі Respublica партиясымен кездесуде саланың басты түйткілдерін ортаға салды
Диалогтың басты тақырыбы отандық өндірісті қолдау болды
Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысындағы «Вега-Пром» ЖШС ұжымымен кездесті. Кәсіпорын өңірдегі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым құрылысына пайдаланылатын құрылыс материалдарын өндіруге маманданған,еп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Диалогтың басты тақырыбы отандық өндірісті қолдау болды. Кәсіпорын қызметкерлері «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруды кеңейту мәселесін көтерді.
Құрылтай депутаттығына кандидат Еркебұлан Ахметов партияның жаңартылған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
«Сіздер мектептерді, ауруханалар мен тұрғын үйлерді салуға ауадай қажет құрылыс материалдарын өндіресіздер. Бұл — ел экономикасына қосылған зор үлес. Біздің міндетіміз — осындай кәсіпорындар дамып, ал еңбек адамдары лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау», — деді Еркебұлан Ахметов.