Жер астындағы байлық пен жер үстіндегі қамқорлық: «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының тынысы

Автор: Аягөз Құрмаш

Компания иелегінде 27 кен орны бар

Фото: «Қазатомөнеркәсіп»

Әлемдегі уран өндірісінің 40%-ға жуығын қамтамасыз етіп отырған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ журналистер қауымына арнап баспасөз сапарын өткізді. Медиа-тур барысында БАҚ өкілдері компанияның негізгі активтерінің жұмысымен, өндірістік жетістіктерімен және жергілікті халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларымен жақын танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның  уран әлемінің жүрегі ретіндегі әлеуеті

Қазақстан қазіргі таңда табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде 2-орында және жыл сайын әлемдік бастапқы уран өндіру көлемінің шамамен 40%-ын қамтамасыз ете отырып, уран өндіру саласында көшбасшы орынға ие.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 14 уран өндіру активіне біріктірілген 27 кен орнын игеріп жатыр. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан аумағында орналасқан және уран өндіру барысында ең қауіпсіз әрі экологиялық таза технология жерасты ұңғымалық шаймалау әдісін қолданып келеді.

Компания өнімдерінің негізгі экспорттық нарықтары: Азия, Еуропа және Америка елдері.«Қазатомөнеркәсіптің» бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Компания 2018 жылы IPO-ға шыққаннан бері оның нарықтық капитализациясы жеті еседен астам өсті. Былтыр 8 елдегі 21 клиентке өнім жеткізілді.

Жергілікті тұрғындарды қолдау және компания қызмет ететін өңірлерді дамыту аясында «Қазатомөнеркәсіп» пен оның еншілес және тәуелді ұйымдары инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады. Бұл жұмыстар шалғай елді мекендерді де қамтиды. Мұндай жобаларп өңірлердегі еншілес компанияларда да жүзеге асырылып келеді.

Дала ортасындағы стратегиялық жоба

Мәселен, «Батыс Мыңқұдық» кеніші Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес ұйымы «АППАК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамына кіреді.

Мыңқұдық кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт 2005 жылы жасалған ,ол 2035 жылға дейін жалғаспақ. Кеніш 2007 жылы пайдалануға беріліп, 2011 жылы жобалық қуатына толық шықты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Батыс Мыңқұдық» кенішінде жоспарланған 800 тоннаның орнына 810,7 тонна уран өндірілді. 2026 жылға арналған жоспар бойынша уран өндіру көлемі 800,1 тонна, ал сары кек (ЗОУ) түріндегі дайын өнім шығару көлемі де 800,1 тоннаны құрайды.

2027 жылға арналған өндіріс жоспары 820,2 тонна уранды, ал дайын өнім шығару көлемі 820,2 тоннаны құрайды. Сонымен қатар 2027 жылы уранды сары кек (ЗОУ) түріндегі дайын өнімге дейін қайта өңдеу көлемі 131 тонна болады деп жоспарланған.

Кеніштің жүрегі – адами капитал

«АППАК» ЖШС қызметкерлерінің жалпы саны 423 адамды құрайды. Оның ішінде 372 қызметкер «Батыс Мыңқұдық» кенішінде еңбек етеді. Компания 2024 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және 55 жасқа толған қызметкерлерге арналған арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізген.

Қазіргі уақытта «АППАК» ЖШС-де арнайы әлеуметтік төлемдерді екі қызметкер алып отыр.

Сонымен қатар «АППАК» ЖШС ұжымдық шартында зейнеткерлік жасқа толуына немесе 55 жасқа жетуіне байланысты еңбек қызметін аяқтайтын қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктер көзделген.

Ұжымдық шарт қызметкерлерге еңбекақы төлеу кепілдіктерін, сауықтыру іс-шараларын, демалысты ұйымдастыруды және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын қамтитын әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылардың кең ауқымын қарастырады.

Сондай-ақ компанияда қызметкерлердің денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Маңызды қадамдардың бірі ауысым алдындағы медициналық тексерулерді автоматтандыру болды.

 Бұл жүйе:

  • медициналық тексерулер сапасын арттыруға;
  • өндірістегі тәуекелдерді едәуір төмендетуге;
  • медициналық тексерулердің формалды түрде өткізілуін толық жоюға және адам факторын азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ауысым алдындағы медициналық тексерулер үдерісі толық автоматтандырылған, цифрландырылған және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.

Өндірістік медицинаның маңызды бағыттарының бірі – төтенше және шұғыл жағдайларда көмек көрсетуге медициналық қызметтердің жоғары дайындығын қамтамасыз ету.

Соңғы 5 жылдағы статистикаға сәйкес, «АППАК» кәсіпорнында жұмыс орнында денсаулық жағдайының күрт нашарлауына байланысты бірде-бір өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Бұл көрсеткіш кенеттен болатын өлім жағдайларының алдын алуға бағытталған проактивті шаралардың жоғары тиімділігін көрсетеді.

Кәсіпорында өмірге қауіп төндіретін жағдайларда қызметкерлердің көмек көрсету дайындығын арттыру мақсатында қауіпті өндіріс қызметкерлерін алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту жүргізіліп жатыр.

Біліктілікті арттыру - басты қағидалардың бірі

Кәсіпорында халықаралық деңгейде мойындалған курстардан өткен 2 нұсқаушы-жаттықтырушы дайындалды. Олар: америкалық жүрек қауымдастығының (AHA) BLS (базалық реанимациялық көмек) курсы, жедел медициналық көмек көрсету техниктерінің ұлттық қауымдастығының PHTLS бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында халықаралық жаттықтырушы мәртебесі берілді.

Қарыштап дамып отырған кезеңде жұмысшыларды біліктіліктен өткізу де маңызды рөл ойнайды. Мысалы, «АППАК» ЖШС қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі және кәсіпорын қаражаты есебінен олардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жарты жылда «Батыс Мыңқұдық» кенішінің 207-ден астам қызметкері әртүрлі бағыттар бойынша оқудан өткен.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жас мамандарды тартуға, дамытуға және кәсіпорындарда бекітуге бағытталған «IZBASAR» бағдарламасы аясында 2023–2025 жылдар аралығында «Батыс Мыңқұдық» кенішінің бір қызметкері атом холдингі кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті. Бұл оған практикалық тәжірибе жинақтап, кәсіби құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Өз кезегінде «АППАК» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобының кадрлық әлеуетін дамытуға белсенді қатысады. Соңғы үш жыл ішінде кәсіпорында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарынан келген бес жас маман тағылымдамадан өтті.

Сонымен қатар «АППАК» ЖШС-де үнемді өндіріс қағидаттарын енгізу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама қызметкерлерді өндірістік тиімділікті арттырудың заманауи құралдары мен әдістеріне оқытуды, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындары арасында үздік тәжірибелермен алмасуды және үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамытуды көздейді.

Бағдарламаны іске асыру өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін нығайтуға және өндірістік қызметті жетілдірудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оған қоса «АППАК» ЖШС жыл сайын «Батыс Мыңқұдық» кенішінің қызметкерлері үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторлардың әсерін азайтуға елеулі қаражат инвестициялайды.

Еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын нақты уақыт режимінде анықтауға және тіркеуге мүмкіндік беретін бейнеаналитика жүйесі енгізілді.Сонымен қатар әрбір қызметкерге қауіпті еңбек жағдайлары немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты тоқтату құқығын беретін «ТОҚТА-карталар» жүйесі жұмыс істейді.Қызметкерлер жалға беру қызметтері шарты негізінде заманауи жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Бұл оларды уақытылы ауыстыруды, кәсіби қызмет көрсетуді, жөндеуді, жууды және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.Еңбек және демалыс жағдайларының жайлылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Кәсіпорында тамақтану және демалу бөлмелері, санитарлық-тұрмыстық орындар ұйымдастырылған. Қызметкерлерге жеке гигиена талаптарын сақтау және жұмыс ауысымы барысында еңбек қабілетін қалпына келтіру үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Қызметкерлер заңнама талаптарына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен (ЕПТ) қамтамасыз етіледі.Өндірістік инфрақұрылымды дамыту аясында вахталық кентті 120 орынға кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«АППАК» ЖШС қызмет көрсететін өңірлердегі халыққа тұрақты түрде қолдау көрсетіп, түрлі әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды жүзеге асырады.

2025 жылы өңірден 41 студентке білім алуға қолдау көрсетілді.Сонымен қатар волонтерлік қызметті дамыту аясында «АППАК» ЖШС жыл сайын әлеуметтік мекемелерге, оның ішінде қарттар үйлері мен балалар үйлеріне көмек көрсетіп, қажетті қолдауды ұйымдастырады және қайырымдылық бастамаларға қатысады.

Өңірді дамыту және тұрғындарды қолдау: болашаққа бағдар

Компания алдағы жарты жылда келесі жұмыстарды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

-әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысу (60 отбасы);

-кәсіпорын қызмет ететін өңірлердегі әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарды қатты көмірмен қамтамасыз ету (50 отбасы);

-кәсіпорын қызметкерлерінің балалары және компания қызмет ететін өңірлердегі әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындардың балалары арасынан студенттердің оқуын қаржыландыру.

Аталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын арттыруға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, адами капиталды дамытуға және «АППАК» ЖШС қызмет ететін өңірлердегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» тек өндірістік көрсеткіштерімен ғана емес, адами капиталға деген қамқорлығымен, өңір тұрғындарына қолдау көрсетуімен де үлгі бола алатын кәсіпорын. Бұл Қазақстанның уран өндіру саласындағы жетістігінің, әлеуметтік жауапкершілігінің және тұрақты дамуға деген адалдығының нақты айғағы.