«Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті

Депутаттыққа кандидаттар да өз бастамаларын ұсынды

«Ауыл» партиясының өкілдері Ақмола облысы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті
Фото: партияның баспасөз қызметі

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттар Ә.Е. Қажібекова, А.А. Разинков, С.Р. Абдуразақова, А.Н. Қуатбай және А.А.Үстеміровамен бірге Ақмола облысы Біржан сал ауданы Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егіншілік пен мал шаруашылығы басты күнкөріс көзі болып табылатын ауылдағы ашық диалог барысында партия төрағасы Қ.Қ.Айтуғанов «АУЫЛ» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Онда ауылдық аумақтар мен агроөнеркәсіпті дамыту, фермерлерді қолдау және заманауи технологиялар мен жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау бастамалары болды. Сонымен қатар, ол жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, отбасылардың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған «Ауладан – дастарқанға» жобасының табысты нәтижелеріне тоқталды.

Депутаттыққа кандидаттар да өз бастамаларын ұсынып, тұрғындар тарапынан қойылған мемлекеттік қолдау, әлеуметтік инфрақұрылым, жолдардың сапасы мен жастарды жұмыспен қамту сияқты өзекті сұрақтарға жауап берді.