Павел Дуров IOAI олимпиадасының жеңімпаздарына 240 эксклюзивті марапат тағайындады

Онда қомақты сыйлықтар бар 

Павел Дуров IOAI олимпиадасының жеңімпаздарына 240 эксклюзивті марапат тағайындады
Фото: Telegram Павел Дуров

Бүгін 2026 жылғы Жасанды интеллект бойынша Халықаралық олимпиада басталды. Telegram негізін қалаушы Павел Дуров озық әзірлеушілерді қолдау мақсатында арнайы сыйақы қорын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дуровтың мәлімдеуінше, адамзат өркениетін жаңа деңгейге көтеретін үздік қатысушыларға 240 эксклюзивті «Интеллект» марапаты табысталады.

Жеңімпаздарға арналған «Интеллект» наградалары шектеулі тиражпен шығарылады.

«Наградалардың ең төменгі сатып алу бағасы белгіленген (мысалы, алтын марапат үшін кемінде 1000 АҚШ доллары). Марапаттардың аздығына байланысты, олардың қайта сату нарығындағы нақты құны бұдан да жоғары болуы мүмкін», - деді Дуров. 

Павел Дуров жасанды интеллект саласында бағын сынап жатқан құрастырушылар мен әзірлеушілерге сәттілік тіледі.

Еске салсақ, IOAI жасанды интеллект, машиналық оқыту және заманауи цифрлық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми олимпиада. Ол 2-8 тамыз аралығында Астанада өтеді. Бүгін мемлекет басшысы олимпиаданың ашылуына қатысты.