Қазақстанда сәбилерге ең көп және сирек қойылған есімдер белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Ұл балалар арасында ең танымал есім – Алан

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросы соңғы 12 айда жаңа туған нәрестелерге ең жиі және ең сирек қойылған есімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұл балалар арасында ең танымал есім – Алан. Ең көп қойылған алғашқы он есімнің қатарына сондай-ақ Әлихан, Мұхаммед, Алдияр, Айсұлтан, Хамза, Омар, Әлтайыр, Әмір және Мұхаммад енді.

Қыз балалар арасында көш бастаған есім – Айлин. Одан кейін Асылым, Мәдина, Томирис, Айша, Аяла, Сафия, Мәриям, Айым және Әдия есімдері орналасқан.

Сонымен қатар, соңғы бір жылда кейбір есімдер небәрі бір ғана сәбиге қойылған. Қыз балалар арасындағы ең сирек есімдер қатарында Арианұр, Жұлдыз-ай, Танзилия, Ходжар, Николин, Еустиния, Имануэлла, Сиора, Айсалқам және Сунита бар.

Ал ұл балалар арасындағы ең сирек қойылған есімдер – Полат, Элион, Теоман-Ахмет, Серхан, Мұхаммеджар, Нұрәлім, Ақ-Назар, Әл-Мукаддим, Юнис және Қосжан.