03.08.2026, 11:13
Жаңалықтар
Қазақстанда темекі бағасы қымбаттады
1 тамыздан бастап елімізде бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 1 тамыздан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті. Енді 20 дана темекіден тұратын бір қораптың бағасы 1060 теңгеден төмен сатылмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы министрі Мәди Такиев қол қойған бұйрыққа сәйкес, жаңа ең төменгі баға темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне қолданылады.
Бұл талап 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бөлшек сауда бағасы тағы өсіп, бір қорап үшін 1120 теңге болып белгіленеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды