Шекарада мыңдаған шетелдіктің қылмысы анықталды: ҰҚК өткен айда ел қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнгенін жариялады

2026 жылғы шілдедегі ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимыл нәтижелері жарияланды

Шекарада мыңдаған шетелдіктің қылмысы анықталды: ҰҚК өткен айда ел қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнгенін жариялады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2026 жылдың шілде айында мемлекеттік шекарада 4 975 заң бұзушыны ұстады. Сонымен қатар құны 3,9 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде 4 975 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 346 шетел азаматтары.

3,9 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

  • 39 факті – есірткі заттары;
  • 88 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі);
  • 1 808 факті – көлемі 150 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, жалпы сомасы 33,4 млн теңге;
  • 392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
  • 149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

«Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астамды құрады. Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.