Теміртау мен Қарағандының ортасында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

Автор: Аягөз Құрмаш

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан скриншот

30 шілде күні кешкі сағат 18:45 шамасында Астана-Қарағанды-Алматы тасжолының Теміртау мен Қарағанды арасындағы бөлігінде Shacman жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өкінішке қарай, алған жарақаттары салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және қауіпті маневрлерден аулақ болуды кезекті рет ескертеді.