Маңғыстау облысында Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» өкілдері қоршаған ортаның жай-күйінің халық денсаулығына әсері мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Тайыр Сағымбаев Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздік, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу тақырыптары сөз болды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Медицина қызметкерлері медициналық көмектің сапасын арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін көтеріп, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі өңір тұрғындарының денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде пікір алмасты.