31 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Елдің басым бөлігінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі
Қазақстанның 17 өңірінде 31 шілдеге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, шығысында кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталса, батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қалада да жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында 15-18 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Солтүстік желдің екпіні облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысында күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста күндіз 40-44 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Барлық аумақта төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында ауа температурасы 40-42 градусқа дейін жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз 35-36 градус ыстық болады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз 35-39 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да күндіз 35-39 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталып, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Шымкентте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында желдің екпіні 15-20 м/с болып, күндіз ауа температурасы 42-44 градусқа дейін көтеріледі. Мұнда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыс және солтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталып, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.