«Future Games 2026» ойындары Астанада киберспорттың сегіз түрінен өтеді

Халықаралық турнирге 34 елден 800-ден астам спортшы қатысып, сегіз бағыт бойынша бақ сынайды

«Future Games 2026» ойындары Астанада киберспорттың сегіз түрінен өтеді
Фото: Ақорда

Қазақстан тарихында алғаш рет еліміз халықаралық «Future Games» турнирін қабылдап отыр. Жарыста 34 елден келген 800-ден астам спортшы сегіз фиджитал және киберспорт түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана алғаш рет киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды тоғыстыратын халықаралық турнирдің алаңына айналады.

Биылғы жарысқа 34 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Астанадағы бәсекелер сегіз бағыт бойынша өтеді. Олар – фиджитал футбол, фиджитал баскетбол, фиджитал жекпе-жек, фиджитал шутер, фиджитал би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds.

Ақорданың баспасөз қызметі Астанадағы «Барыс Арена» стадионында өткен «Future Games – 2026» ойындарының ашылу салтанатының бейнежазбасын жариялады.