«Ақ жол» демпартиясының Астана қалалық сайлауалды штабы «iKOMEK109» ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді
Спикерлер ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, мынадай негізгі бастамаларға тоқталды
«Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық сайлауалды штабы «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК («iKOMEK109») ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара 2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай сайлауы қарсаңындағы партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық қызметкерлерінің алдында «Ақ жол» партиясының өкілдері — Жанаргүл Құлмағамбетова, Айнагүл Жұмағұлова және Мейрам Қойшыбаев сөз сөйледі.
Спикерлер ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, мынадай негізгі бастамаларға тоқталды:
• салық реформасы — партия ұсынып отырған салық саясатындағы өзгерістер;
• жас отбасыларды қолдау — балалы болған жағдайда жас отбасылар үшін ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету ұсынысы;
• МӘМС жүйесін реформалау — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласын жетілдіруге бағытталған қадамдар.
Кездесу барысы партияның Парламенттің алдыңғы шақырылымдарында жүзеге асырған заңнамалық бастамаларына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Ақ жол» өкілдері фракцияның Парламенттегі жұмысы кезінде дәл осы партияның бастамасымен жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданғанын еске салды.