29.07.2026, 12:27
Жаңалықтар
Көкшетауда көмір өздігінен тұтанып, жүк көлігі өртеніп кетті
Оқиға бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында болған
Фото: скриншот
Көкшетауда ағаш көмірі тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында болған. Өрт жүк көлігінің ағаш көмірі тиелген тентті бөлігінен шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 4 шаршы метр аумақта ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке ағаш көмірінің өздігінен тұтануы себеп болған.
Төтенше жағдайлар қызметі ағаш көмірі мен өзге де жанғыш материалдарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Әсіресе аптап ыстықта мұндай жүкті жабық көлікте ұзақ уақыт қалдыру қауіпті. Мамандардың айтуынша, жоғары температураның әсерінен көмір бықсып, соңы өртке ұласуы мүмкін.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады