Сараптама барысында қызының шын мәнінде зорланғаны анықталған
Алматыда мүмкіндігі шектеулі 26 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полицияның мәліметінше, іс аясында қажетті сараптамалар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматыда әйел адам эпилепсиямен ауыратын әрі ақыл-ой кемістігі бар 26 жастағы қызын белгісіз біреу зорлап кеткен. Оның айтуынша, сараптама барысында қызының шын мәнінде зорланғаны анықталды.
Агенттік тілшісі осы оқиғаға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті сұрау жолдады.
Ведомство мәліметінше, факт бойынша Алматы қаласының Алатау аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
«Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, өткізілді. Қазіргі уақытта дәлелдемелер базасын жинау және талдау жалғасып жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түпкілікті процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ПД хабарламасында.