2027 жылы 1,3 млрд кВт/сағ көлемінде профицитін қалыптастырылмақ
Қазақстанда 2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында шамамен 2 418 МВт қуатты іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2029 жылға қарай жалпы сомасы 6,2 трлн теңге болатын жалпы көлемі 7,3 ГВт жаңа генерация көздерін іске қосу, көзделген. Осылайша, ұлттық жоба аясында жаңа қуаттардың өсімі 6 484 МВт-ты, ал қолда бар қуаттарды алмастыру көлемі қазірдің өзінде 825 МВт-ты құрайды.
2027 жылы шамамен 825 МВт жаңа қуатты іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде Жамбыл МАЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газ-турбиналық қондырғыны және «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын іске қосу жоспарланып отыр.
«Аталған қуаттарды іске қосу 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал 2027 жылдың соңына қарай электр энергиясының шамамен 1,3 млрд кВт/сағ көлемінде профицитін қалыптастырады», - деді министр.