ФИФА әлем чемпионатында соғылған үздік голды анықтады (ВИДЕО)
Үздік гол Аргентина мен Кабо-Верде арасында соғылды
Жуырда аяқталған әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл атаққа Кабо-Верде құрамасының қорғаушысы Сидни Кабралдың 1/16 финалда Аргентинаға қарсы ойында соққан голы лайық деп танылды. Осылайша «Трабзонспор» футбол клубының 23 жастағы ойыншысы Hyundai Goal of the Tournament атағына ие болды.
Аргентина мен Кабо-Верде арасындағы матчта Сидни Кабрал өз голын 103-минутта соғып, матчты экстра-таймға жеткізген. Алайда Кабо-Верде Аргентинадан айласын асыра алмай, жорықты дәл осы кезеңде аяқтаған.
Айта кетейік,Әлем чемпионатының үздік голы сауалнамасында Сидни Кабрал Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов пен Гаити ойыншысы Вильсон Изидорды басып озды. Олар тиісінше, екінші және үшінші орынға жайғасты.