Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

8 кәсіпорынның тозу деңгейін ориташа деңгейге шығару жоспарланған

Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді
Фото: Үкімет

Қазақстанда  2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Осы мақсатта 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша 759 млрд теңге құрылыс жұмысына бөлінді. Ал 379 млрд теңге бойынша ЕРС-мердігері айқындалған жобалар шеңберінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, отандық тауар өндірушілерден материалдар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылы сондай-ақ 8 кәсіпорынды инфрақұрылымның аса жоғары тозу аймағынан тозу деңгейі орташа санатқа шығару жоспарланған.

Айта кетерлігі, 2025 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қаржыландыру көлемі 547 млрд теңге болатын 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді. Бұдан бөлек, 8 кәсіпорын тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтан шығарылды.