Кездесу кезінде «Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттарға куәліктері табысталды
«Ауыл» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы жұмыс сапарын Батыс Қазақстан облысынан бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сапар барысында партияның өңірлік активімен кездесу өтіп, алдағы сайлауалды науқанның ұйымдастыру жұмыстары мен негізгі басымдықтары талқыланды. Кездесу кезінде «Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Эльмара Траисова, Алшын Жолдығали және Жаслан Жақыповқа кандидат куәліктері табысталды.
Жиын соңында партия өкілдері алдағы кезеңде өңір тұрғындарымен кездесулер өткізу және сайлауалды бағдарлама аясындағы жұмыстарды жалғастыру мәселелерін пысықтады.