«Анасындай қамқорлық көрсетті»: балабақшадағы тәрбиешінің мейірімі көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Желі қолданушылары тәрбиешінің мейірімділігіне қатысты жылы лебіздерін білдірді
Әлеуметтік желіде тараған видеода тәрбиешінің бүлдіршіндерге көрсеткен қамқорлығы жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның нақты қай жерде болғаны белгісіз. Видеоға назар аударсақ, тәрбиеші алдымен ұйықтап жатқан сәбилердің үстіне жамылғы жауып, ал ұйықтай алмай жатқан бүлдіршінді құшақтап, бауырына басқан сәтін байқауға болады.
Желі қолданушылары тәрбиешінің мейірімділігіне қатысты жылы лебіздерін білдірді.
«Алла разы болсын!», «Мынаны көріп, жүрегім елжіреп кетті ғой», «Тәрбиешінің қамқорлығы еріксіз көзге жас үйіреді екен», «Екінші анасы», «Әлемде мейірімді жандар көп екен», «Керемет көрініс екен! Әр тәрбиеші осындай болса ғой шіркін! Алла береке берсін ісіне!», «Анасындай қамқорлық көрсетті», «Орамал таққан тәрбиеші керемет үлгі көрсетті», – деп жазды желі қолданушылары.