$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2020, 09:25
Жаңалықтар

ЕО аумағына кіруге рұқсат елдер тізімі қысқарды

Шекара тағы екі аптаға жабық

ЕО аумағына кіруге рұқсат елдер тізімі қысқарды
Фото: ашық дереккөзден

Еуропалық одақ өз аумағына кіруге рұқсат берілген елдер қатарын тағы қысқартты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жолы тізімнен Алжир мен  Марокко шығып қалды. Өйткені, бұл елдерде эпидемиологиялық ахуал ушыққан. Осыдан бір апта бұрын Сербия мен Черногория туристері үшін де Еуропалық одақ елдеріне кіруге тыйым салынған еді. Бүгінде кәрі құрлық тек 13 мемлекеттің азаматтарына шекарасын ашқан. Бұл тізімде Қытай бар. Тек Бейжің де жауап ретінде еуропалықтарды еліне кіргізуі керек.

Айта кетейік, әлемде коронавирус дендегелі Еуропа елдері екі апта сайын Одақ аумағына кіруге рұқсат берілген тізімді жаңартып отыр. Басты талап – елдегі эпидемиологиялық жағдай. Мәселен, АҚШ, Бразилия азаматтырына Одақ елдеріне келуге рұқсат жоқ.
 

Серіктес жаңалықтары