Тоқаев Байкенді қабылдады: оған Ұлытау тұрғындарының жағдайын жақсартып, көптеп инвестиция тартуды тапсырды

Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Байкенді қабылдады: оған Ұлытау тұрғындарының жағдайын жақсартып, көптеп инвестиция тартуды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жуырда әкім болып тағайындалған Есет Байкенді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

«Кездесу соңында мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді», – делінген хабарламада.