Тағы да аптап ыстық: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы 44 градусқа дейін көтеріледі

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстаннан өзге өңірлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі

Тағы да аптап ыстық: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы 44 градусқа дейін көтеріледі
Фото: pixabay

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Тек Қазақстанның оңтүстігінде Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстаннан өзге өңірлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 30-38 градусқа, ал оңтүстік жартысында 33-44 градусқа дейін ысиды», – делінген хабарламада.