Алматыда 40 жастағы әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды

Қайғылы жағдай орнына жеткен тергеу-жедел тобы пәтерді тексеру барысында іс үшін маңызы бар материалдар мен айғақтарды анықтады

Алматыда 40 жастағы әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды
Фото: © istockphoto.com

Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. 40 жастағы әйел тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап, оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің алдын ала берген мәліметінше, марқұм өзі тұратын көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған.

Қайғылы жағдай орнына жеткен тергеу-жедел тобы пәтерді тексеру барысында іс үшін маңызы бар материалдар мен айғақтарды анықтады.

Қайғылы жағдайдың нақты себептерін анықтау үшін тәртіп сақшылары марқұмның өмір сүру салтын, араласқан ортасы мен жақындарын тексеріп, оқиғаға түрткі болуы мүмкін өзге де жайттарды сараптай отырып, кешенді шараларды қолға алды, ал тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.