26.07.2026, 11:39
Жаңалықтар
Жезқазғанда бес қабатты үйде өрт шықты
Өрттің жалпы шарпыған аумағы 4 шаршы метр
Фото: ТЖМ
Жезқазған қаласының Алашахан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер балконында өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жауды жылдам ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
112 қызметіне хабар түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрттің жалпы шарпыған аумағы 4 шаршы метрді құрады. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында жалынның көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмей, өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды