26.07.2026, 11:15
Жаңалықтар
Алматыда қару толы қап табылды: полиция істі тексеріп жатыр (ВИДЕО)
Тапанша мен оның 4 патроны тәркіленді
Фото: ІІМ
Алматының Түрксіб ауданындағы жеке секторда, иесіз қалған ғимараттың жанынан күмәнді қап табылды. Полиция қызметкерлері қару-жарақтың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары қаптың ішінен «Сайга» ойық ұңғылы карабиніне ұқсас қару мен оған арналған 10 патронды, сондай-ақ тапанша мен оның 4 патронын тәркіледі. Барлық тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Тергеушілер бұл қарудың бұған дейін қылмысқа қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оның қандай жағдайда далаға тасталғанын анықтауы тиіс. Қазіргі уақытта кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды