Алматыда қару толы қап табылды: полиция істі тексеріп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Тапанша мен оның 4 патроны тәркіленді

Фото: ІІМ

Алматының Түрксіб ауданындағы жеке секторда, иесіз қалған ғимараттың жанынан күмәнді қап табылды. Полиция қызметкерлері қару-жарақтың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары қаптың ішінен «Сайга» ойық ұңғылы карабиніне ұқсас қару мен оған арналған 10 патронды, сондай-ақ тапанша мен оның 4 патронын тәркіледі. Барлық тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Тергеушілер бұл қарудың бұған дейін қылмысқа қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оның қандай жағдайда далаға тасталғанын анықтауы тиіс. Қазіргі уақытта кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.