26 шілде күні ауа райы қандай болады
Елдің басым бөлігінде нөсер жауын мен бұршақ күтілсе, батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады
26 шілдеде Қазақстан өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде нөсер жауын мен бұршақ күтілсе, батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жексенбі күні республика аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының әсері мен атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл соғуы мүмкін. Батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық әрі жаймашуақ ауа райы сақталады. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсу ықтималдығы бар.
Республика бойынша желдің екпіні артады. Әсіресе елдің оңтүстік, оңтүстік-батыс, батыс және солтүстік өңірлерінде жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға алыс жолға шыққанда және таулы аймақтарда демалғанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.