Аптап ыстық пен найзағай: 25 шілдеде ауа райы қандай болады?
Батыста ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілсе, бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі
25 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +27...+29.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32.
Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде +19...+21, күндіз +34...+36.
Атырауда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы күндіз +40...+42 градусқа дейін жетеді.
Түркістанда жауын-шашын күтілмейді, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы +36...+38.
Ақтөбе, Ақтау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Орал және Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшейеді.
Петропавлда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман күтіледі.