Семейде жол жөндеу барысында жауапты мекеме 1,2 млрд теңгені ысырап етпек болған

Автор: Аягөз Құрмаш

Прокурорлар оның алдын алды

Фото: istockphoto.com

Семей қаласында 1,8 млрд теңгеге жол инфрақұрылымын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында жұмыстарды екі жыл ішінде орындау жоспарланғаны, алайда бюджеттен қаржыландыру тек биылғы қаржы жылына ғана көзделгені белгілі болды. Бұл бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылу қаупін тудырған.

«Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. Прокуратура мемлекеттік қаражаттың заңды әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда», – делінген хабарламада.