Си Цзиньпин алдағы күзде АҚШ-та Трамппен кездесетін болды

Олар жасанды интеллект мәселесін талқыламақ

Си Цзиньпин алдағы күзде АҚШ-та Трамппен кездесетін болды
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай лидері Си Цзиньпиннің 24 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарына сапары барысында онымен жасанды интеллект мәселелерін талқылайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Си Цзиньпиннің сапары Трамптың Қытайға сапары кезіндегі екі ел лидерлерінің кездесуінен кейін өткелі отыр. Бейжіңде болған кезінде Трамп Қытай лидерін Ақ үйге шақырған болатын.

 «Президент Си 24 қыркүйекте келеді, біз бұл мәселені Бейжіңде болғанымда талқылағанбыз және тағы да сөйлесетін боламыз», - дедің Трамп.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қытай Сыртқы істер министрі Ван И «өте нәтижелі сапарға» жағдай жасау мақсатында ынтымақтастық бағыттарын айқындау қажеттілігін талқылады.

Мамыр айында Трамп Бейжіңге ұшып барды, онда оны қытайлық және америкалық жалаулары бар көк-ақ униформадағы 300 қытайлық жасөспірім, сондай-ақ әскери құрмет қарауылы мен әскери оркестр қарсы алды.

Трамп Қытайға Си Цзиньпинмен кездесуге барар алдында Иранмен соғысты тоқтату мәселесінде Қытайдан көмек күтпейтінін айтқан болатын.

Маусым айында Трамп Қытай лидері Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты аяқтауға көмектесуді жеке өзі сұрап, үндеу тастады.