Кімдер үгіт жүргізе алмайды: ОСК сайлауға қатысты жаңа ережелерді түсіндірді

ОСК заңдағы бірқатар жаңа өзгерісті түсіндірді

Кімдер үгіт жүргізе алмайды: ОСК сайлауға қатысты жаңа ережелерді түсіндірді
Фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік жаңа заң бойынша үгіт-насихат кезінде енгізілген өзгерістерді айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ләззат Сүйіндік атағандай, науқан аясында сайлау алдындағы үгіттің алдыңғы сайлау науқандарынан айырмашылығы сайлау заңнамасына енгізілген бірқатар жаңашылдық болып отыр.

«Дауыс беру күні толтырылған сайлау бюллетенін фото және (немесе) бейнежазба жасауға, сондай-ақ оны таратуға тыйым салынады. Үгіт материалдарын шарттық негізде орналастыру туралы талап өз интернет-ресурстары мен онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын саяси партияларға қолданылмайтыны белгіленді. Ағымдағы сайлау науқаны үшін дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға да тыйым салынады», - деді ол.

Заң бойынша сайлау алдындағы үгітті жүргізуге тыйым салынған тұлғалар белгіленген:

  1. мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына
  2. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға
  3. сайлау комиссияларының мүшелеріне
  4. діни бірлестіктерге

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау бюллетеніндегі партиялар атауының реті жеребемен анықталды. ОСК партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысын шығарды, онда 145 мандатқа 545 кандидат болып отыр.