СҚО-да ер адам жанжал кезінде 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға Есіл ауданында болған

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам тұрмыстық жанжал кезінде зейнеткер әйелді өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Есіл ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 31 жастағы ер адам жанжал барысында 74 жастағы әйелге пышақ сұғып алған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Тегтер: