Тбилисиде нөсер жауын салдарынан бірнеше көше су астында қалды (ВИДЕО)

Нөсер жауын қала тұрғындарын әбігерге салған

Тбилисиде нөсер жауын салдарынан бірнеше көше су астында қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Тбилисиде жауған қатты нөсер салдарынан бірнеше көше суға кетіп, қаладағы көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су тасқыны Агмашенебели аллеясында, Глдани мен Авлабари аудандарында, сондай-ақ Әділет үйінің маңында тіркелген.

Әлеуметтік желілерде су басқан көшелер мен суда қалып қойған көліктердің кадрлары тарап жатыр. Кейбір жерлерде жүргізушілердің көліктерін судан қолмен итеріп шығаруына тура келген.

Грузияның ұлттық қоршаған ортаны қорғау агенттігі 20 шілдеден 21 шілдеге қараған түні Тбилиси мен оның төңірегінде жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты күн күркіреп, бұршақ жауатынын және жел күшейетінін ескертті.

Ведомствоның хабарлауынша, мол жауын-шашын шағын өзендерде тасқынға ұласып, төбелі әрі таулы аймақтарда көшкін мен сел жүруіне түрткі болуы мүмкін. Қауіптілік деңгейі орташа деп бағаланып отыр.