Әлем чемпионаты финалындағы жеңіліс себеп болды: Аргентина астанасында жанкүйерлер бүлік шығарды (ВИДЕО)
15 адам тұтқындалған
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте футболдан ұлттық құраманың әлем чемпионатының финалында жеңілісінен кейін тәртіпсіздіктер болды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аргентина құрамасының финалдағы жеңілісінен соң Буэнос-Айрестің орталығындағы Обелиск жанында тұтанған тәртіпсіздіктер барысында кемінде 15 адам ұсталған.
«Шабуыл салдарынан қалалық полицияның үш қызметкері зардап шекті. Сонымен қатар телефондар мен жеке заттардың ұрланды. Ресми дереккөздер осы оқиғаларға байланысты кем дегенде 15 адамның тұтқындалғанын растады», - деп жергілікті TN телеарнасы хабарлаған.
Ал Clarín газетінің хабарлауынша, қақтығыстар салдарынан жеті полиция қызметкері зардап шеккен. Басылым тәртіп сақшыларының агрессивті шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданғанын айтып, 15 адамның ұсталғаны туралы деректі келтіреді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді. Матчта жалғыз голды Испания сапынан шабуылшы Ферран Торрес соқты.