20.07.2026, 04:03
Спорт

Испания құрамасы Аргентинаны жеңіп, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды

Испания құрамасы Аргентинаны жеңіп, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды
Фото: © istockphoto.comспорт

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан MetLife Stadium аренасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық матчы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алғашқы 45 минутта екі команда да гол соға алмады. Үзіліске футболшылар 0:0 есебімен шықты. Екінші таймда да Испания мен Аргентина негізгі уақытта есеп аша алмай, матч қосымша уақытқа ұласты.

106-минутта кездесудегі алғашқы әрі жалғыз голды Ферран Торрес соқты. Осылайша Испания футболдан өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Аргентина құрамасы әлемнің қазіргі чемпионы әрі әлем біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы еді. Аргентиналықтар 1978, 1986 және 2022 жылдары чемпион атанған. Ал Испания бұған дейін әлем чемпионатында бір рет — 2010 жылы жеңіске жеткен.

Испания құрамасының негізгі құрамы:

  • Унаи Симон, Педро Порро, Пау Кубарси, Эмерик Ляпорт, Марк Кукурелья, Родри, Фабиан Руис, Ламин Ямаль, Дани Ольмо, Алекс Баэна және Микель Оярсабаль.

Аргентина құрамасының негізгі құрамы:

  • Эмилиано Мартинес, Гонсало Монтиель, Кристиан Ромеро, Лисандро Мартинес, Николас Тальяфико, Родриго Де Пауль, Алексис Мак Аллистер, Энцо Фернандес, Николас Гонсалес, Лионель Месси және Хулиан Альварес.

Месси, Ямаль және Оярсабаль алаңға алғашқы минуттардан шықты. Матчтың бас төрешісі Словениядан келген Славко Винчич болды.