20.07.2026, 01:11
Спорт

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жабылу салтанаты Нью-Йорктегі финал алдында өтті

Шешуші матч қарсаңындағы шоуға әлемге танымал өнер жұлдыздары қатысып, турнирдің ресми жабылу рәсімі ұйымдастырылды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жабылу салтанаты Нью-Йорктегі финал алдында өтті
Скриншот видео: youtube.com/@QAZSPORTTV

Футболдан Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финал қарсаңында Нью-Йорктегі «Метлайф» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатты шараның басты қонағы америкалық әнші Post Malone болды. Сонымен қатар шоуға актер Том Круз, әншілер Лаура Паузини, Николь Шерзингер, Робби Уильямс, блогер IShowSpeed және өзге де танымал тұлғалар қатысты.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалы тарихта алғаш рет матчтың екі таймы арасындағы үзілісте арнайы шоу ұйымдастырылатын турнир ретінде есте қалмақ. Бұл концерттің басты жұлдыздары Мадонна, Шакира, Джастин Бибер және оңтүстіккореялық BTS тобы болады. Осыған байланысты таймдар арасындағы үзіліс дәстүрлі 15 минуттан екі минутқа ұзарады.

Финалдық кездесу Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталды. Испания мен Аргентина құрамалары әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.