20.07.2026, 12:17
Спорт
Сарқыт алғандай: Кукурелья әлем чемпионатының кубогын пакетке салып алып кетті (ВИДЕО)
Бас трофейді шұлықтарға қосып салып алған
Фото: видеодан скриншот
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанғаннан кейін қызықты жайт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурелья кубокты тапсыру рәсімі мен киім ауыстыратын бөлмедегі тойлаудан соң, алтын кубокты қарапайым полиэтилен пакетке салып алып бара жатқан жерінен камераға түсіп қалды.
Жанкүйерлер әлеуметтік желіде бұл сәтті қызу талқылап, «Кукурелья кубокты тойдан сарқыт алып қайтқандай салып алыпты», «Әлемдегі ең қымбат пакет» деп әзілдеп жатыр.
Еске сала кетейік, финалдық матчта Испания 106-минутта Ферран Торрестің соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жеткен болатын.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды