Талдықорғанда 77 жастағы әжей пәтерінде тірідей жанып кете жаздады (ВИДЕО)

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде зейнеткерді құтқарды

Талдықорғанда 77 жастағы әжей пәтерінде тірідей жанып кете жаздады (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

Талдықорған қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 77 жастағы әжей пәтерінде тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Талдықорған қаласының Самал шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконында өрт шықты.

«ТЖМ қызметкерлері 77 жастағы әйелді құтқарды, оның жағдайы тұрақты. Баспалдақ арқылы 5 ересек адам эвакуацияланды. Тағы 15 тұрғын, оның ішінде 5 бала, үйден өз беттерінше шықты. Өрт 5 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, балкондарда жанғыш материалдарды сақтамаңыз және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.